«АРЕС Тraining Сenter» ЖШС жетекші инновациялық оқу орталығының сайтына қош келдіңіз.

Сайттан сіз «АРЕС Тraining Сenter» ЖШС оқу орталығының қызметі мен қолданыстағы тренинг бағдарламалары туралы жалпы ақпаратпен таныса аласыз.

Біз жергілікті мамандар үшін халықаралық тәжірибе алу мүмкіндігін қамтамасыз ете отырып, кадрларды даярлау жүйесінің қазақстандық моделі болуға ұмтыламыз. «АРЕС Тraining Сenter» ЖШС оқу орталығы әртүрлі мамандықтар бойынша білім алушыларға (компания қызметкерлеріне) сапалы оқытуды ғана емес, сонымен қатар тәуелсіз бағалауды ұйымдастырып, олардың біліктілік деңгейін халықаралық стандарттар бойынша анықтай алады, бұл жұмыс берушілер талап ететін халықаралық сертификатқа ие болуға мүмкіндік береді.

Біздің қызметіміздің оң фактісі республика аумағында да, одан тыс жерлерде де түлектердің сұранысы болып табылады.

Біздің түлектер оқу орталығында алған тәжірибелері мен білімдерін жұмыс орындарында және Қазақстаннан тыс жерлерде табысты қолданады.

Сіз мұнда біліктілікті арттыру, біздің өндірістік базамыз және ынтымақтастық мүмкіндіктері, сондай-ақ одан әрі мансаптық даму бойынша өз ұсыныстарыңыз бен сұрақтарыңызды қалдыра аласыз.

«АРЕС Тraining Сenter» ЖШС оқу орталығының білім алушысы немесе нұсқаушысы ретінде біздің үлкен және тату ортамызға қосылыңыз!

Біз бірге көп нәрсеге қол жеткізе аламыз!

Құрметпен,
«АРЕС Тraining Сenter» ЖШС директоры
Бөгенбай Татаев